Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам, осы күні Наурыз көжеден дәм тату кезінде берілетін бата ерекше орын алады.
Бұл күні үлкендер ұрпақтарына игі істер, ата-бабаларының, туыстарының өміріндегі қызықты сәттері туралы әңгімелейді, кішілері сәлем беріп, үлкендердің батасын алады. Сонымен қатар, бұл күні отбасы, жеті ата (жеті ұрпақ), халық тарихы баяндалады. Әр отбасы өз үйін, үй-жайларын безендіреді. Біздің колледжде мереке аясында «Менің отбасым» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Білім алушылар коллаждарды (қабырға газеттерін) безендіруге атсалысты, әрқайсысы өз отбасына деген мақтаныш сезімін білдірді. Бұл іс-шара халықтың бірлігін, берекені, достық пен келісімді нығайтуға, ұзақ өмір сүру құндылықтарын ілгерілетуге, адамгершілік жолға ұмтылуға, әділеттілікке, адалдыққа, тектілік пен ерлікке, ұлттық ар-намысқа, дастарханның молшылығына бағытталған.

Сонымен қатар, «Жеті ата» дәстүрін дәріптеу мақсатында біздің колледждің 1 курс білім алушылары арасында салт-дәстүрлер бойынша зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Дәстүрлер қазақстандық жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Заман сынағынан өтіп, олар ұлттық бірегейліктің қалыптасуына негіз болады. Әрбір жаңа ұрпақ ең жақсы дәстүрлерді сақтауға тырысады, бұл олардың шығу тегін еске түсіруге, ата-бабаларының естелігін құрметтеуге мүмкіндік береді.